Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді
Синоптиктер 15 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін еліміздің басым бөлігінде антициклон жотасының ықпалымен ашық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында. старға олжау
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Еліміздің батысында, солтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін.
Астанада көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +5…+7°C болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +13...+15°C болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +19...+21°C болады.