Бүгін Атырау мен Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Автор: Azattyq Rýhy

Өзге қалаларда қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады

Фото ашық дереккөзден

Бүгін, 11 қараша күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 11 қараша, сенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Атырау мен Алматы қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.