Қаладағы 60 базарға тексеріс жүргізілді
Алматы базарларының басшылары мемлекеттің жерлерін заңсыз басып алған. Қаладағы 60 базарға тексеру жүргізіліп, қала әкімдігі 37 базар бастықтарының мемлекеттің жерін заңсыз жалға беріп келгені анықталды. Базар аумағындағы заңсыз құрылыстың жалпы аумағы 350 мың шаршы метрден асады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
«Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша жоспардан тыс жүргізілген тексерулердің нәтижелері базарлардың меншік иелері құрылыс жүргізуге тіпті жер учаскелеріне рұқсат құжаттарының жоқтығына қарамастан, жалпы сауда алаңын заңсыз ұлғайта отырып, сауда павильондарын тұрғызған. Базар әкімшілігі пайда табу үшін павильондарды жалға заңсыз берген әрі олардың заңсыз екенін жасырған», - деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бүгінде жұмыс істеп тұрған 60 базардың ішінен 37 базардың заңсыз екені анықталды, оларға әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданды. Заңсыз павильондарды сала бергендіктен қаладағы базарлардың жалпы сауда алаңы да ұлғайған.
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады заңсыз базарлардың тізімін жасады. Олардың 7-і бойынша ішінара бұзу туралы сот шешімі бар, олар мына базарлар:
Осылайша, жоғарыда аталған базарлардың меншік иелері заңсыз павильондар есебінен жалпы сауда алаңын орта есеппен үштен бірге ұлғайтқан. Қазіргі уақытта «Бак орда» және «Көтерме сауда» базарлары бойынша заңсыз салынған сауда объектілерін сүру басталды. Тағы 30 базар бойынша сот органдарына талап-арыздар берілмек.
Авторы: Әмірболат ҚҰСАЙЫНҰЛЫ