Кей сарапшылар бұл бағдарламаның тура «7-20-25» секілді болатынын болжап отыр
Елімізде «9-20-25» бағдарламасы іске қосылады. Бірақ жақында емес. Отбасы банкі өкілдерінің айтуынша, әзірге нақты ештеңе жоқ. Сондықтан мерзімдері де белгісіз. Белгілісі, бағдарлама ашылады деп жоспарланған. Тиісті шешім бар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Енді мамандар «9-20-25»-тің іске асу механизмдерін әзірлеуі керек. Ал кей сарапшылар бұл бағдарламаның тура «7-20-25» секілді болатынын болжап отыр. Тек мөлшерлемесі 9 пайыз. Десе де нақты мәліметті банк өкілдері алдағы уақытта жариялаймыз деді.