Ол Қарабақ жайлы да айтты
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Түркі мемлекеттерінің саммитінде Қарабақ туралы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy тілшісі.
«Әлемнің әрбір түпкірінде қарулы қақтығыстар және соғыстар болып жатыр. Бұл жерде әр елдің қорғаныс мүмкіндіктері олардың қауіпсіздіктерін негізгі кепілі болып есептеледі. Менің ойымша, мүше мемлекеттер қорғаныс қауіпсіздігін сақтау өнеркәсіп аясындағы ынтымақтастығы нығайта түсуі керек», - деді Илхам Әлиев.
Ол Армения мен Әзербайжан арасындағы Қарабақ үшін қақтығыстың ұзаққа созылғанын мысал келтірді.
«Армения Әзербайжанның аумағын 30 жыл бойы окуппациялады. Ол жерде заңсыз қуыршақ режим орнатты. Этникалық тазарту нәтижесінде миллионнан астам әзербайжан өздерінің бабалар елінен қуылды. Армения біздің қалаларымыз бен ауылдарымызды жермен жексен етті. Біздің мәдени, діни ескерткіштерімізді бұзды. Жылдар бойы Әзербайжан қақтығысты бейбіт жолмен шешкісі келді. Дегенмен Армения осы статус квоны сақтап қалғысы келді», - деді Әлиев.