Бас прокуратура елордадағы мектептерді жаппай тексеруге кірісті

Автор: Аманалина Тоғжан

Білім ошақтарындағы қауіпсіздік талаптары қалай орындалатыны тексеріледі

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Бас прокуратура елордадағы мектептерді жаппай тексеруге кірісті. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады.

Білім ошақтарындағы қауіпсіздік талаптары қалай орындалатынын қарашаның соңына дейін бақылайды. Арнайы жұмысқа 70-тен астам құзырлы орган өкілдері жұмылдырылған. Олар полиция, әлеуметтік қорғау инспекциясы, төтеншеліктер және білім беру ұйымдарының қызметкерлері. Қазір Астанада 98 мемлекеттік, 60-қа жуық жекеменшік мектеп бар, деп жазады qazaqstan.tv.