Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады
Астанаға Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
«Ильхам Әлиев 3 қарашада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады», -делінген хабарламада.
Ильхам Әлиевті елорда әуежайында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов күтіп алды.
Айта кетейік, саммитке Әзербайжан Президентімен қатар Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан басшылары қатысады.