02.11.2023, 00:13
Жаңалықтар
Қостанай облысында Қызыл кітапқа енген дала қыраны құтқарылды
Мамандар оны тексеру үшін ветеринарлық клиникаға апарған
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Қостанай облысында Қызыл кітапқа енген дала қыраны құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
1 қарашада Амангелді ауылының тұрғыны өз ауласынан сирек кездесетін құс тауып алған. Оның айтуынша, қандай да бір себептермен ол ұша алмай қалған.
Табылған құс туралы табиғатты қорғау полициясына хабарлаған ер адам орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы, балық және аңшылық бөлімі, сондай-ақ «Қостанай ЗООПульс» қоғамдық бірлестігінің директорымен бірге оқиға орнына барған.
Құсты қарау барысында, бұл шынымен де ұша алмай қалған Қызыл кітапқа енген дала қыраны екені белгілі болды. Мамандар оны тексеру үшін ветеринарлық клиникаға апарған. Қазір құс ветеринарлық емханада.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды