Апат кезінде шахтада 252 адам болған
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Metallurgy today басылымы Костенко атындағы шахтадағы жарылыстан қаза тапқан 46 кеншінің толық аты-жөндерін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Атап айтқанда:
«Виктор Викторович Гафиулов екеуміз мезгілсіз өмірден өткен әріптестеріміздің туған-туыстары мен жақындарына жолығып, көңіл айтып, бастан кешкен қиыншылықтарда толық материалдық және психологиялық қолдау көрсетілетінін жеткіздік», - деп жазды «АрселорМиттал Теміртау» бас директоры Владимир Яблонский.
Оның айтуынша, оқиға кезінде 24 кенші зардап шекті, оларға ауруханаларда барлық медициналық көмек пен қолдау көрсетіліп жатыр.
«Апат кезінде шахтада 252 адам болған. Біз сол кезде шахтада жұмыс істегендердің барлығына қажетті психикалық қолдауды қамтамасыз етеміз. Компания қазір қайғылы оқиғаны тергеуді бастаған мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс атқаруда. Біз сондай-ақ бұл апаттың себебін анықтау үшін ішкі тергеуді бастаймыз және оның қайталану ықтималдығын азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Біз жұмыс үрдістерінің және тәртібінің қауіпсіздігін көтеру үшін үздіксіз жұмыс істеп жатырмыз, бірақ бұл апат біздің әлі де атқарылатын істер көп екенін көрсететін ащы сабақ болды. Біз бұл бағыттағы жұмысымызды дереу жеделдетуіміз керек», - деді Владимир Яблонский.