АМТ меншік иесінің ауысуы қызметкерлер алдындағы міндеттемелерге еш әсер етпейді – Вадим Басин

Автор: Azattyq Rýhy

Шахталарда бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін арттыруға назар аударылады

Бейнеден кадр

«АрселорМиттал Теміртау» меншік иесінің ауысуы қызметкерлер алдындағы міндеттемелерге еш әсер етпейді. Төлем шарттары, әлеуметтік кепілдіктер сақталады. Шахталарда бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін арттыруға назар аударылады. Бұл туралы Вадим Басин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Кеше Мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен кеншілердің туыстарымен кездесуде компанияның проблемалық активтеріне қатысты инвестормен қарым-қатынас тоқтатылатынын мәлімдеді. Бұл ретте бір жайт ерекше атап өтілді, және де компанияның бүкіл ұжымына бірден айта кетілгені: жұмыс шарттарында, төлемдерде, әлеуметтік кепілдіктерде ешқандай өзгерістер болмайды. Оларды жақсарту тұрғысынан ғана қайта қаралатын жағдайлар қалады. Бұл компанияның әрі қарай жұмыс істеуі және әлеуметтік жауапты болуы үшін қажетті шарт. Ұжымның бірде-бір мүшесі жұмыстан шығарылмайды, ұжымның бірде-бір мүшесінің құқығы төмендетілмейді», – деп атап өтті Вадим Басин.

Шахталарда бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін арттырумен және негізгі қорларды жаңартумен айналысатын болады.

Қазір қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына психологиялық көмек көрсетілуде. Кәсіби психологтар жұмыс істеп жатыр.

Жедел желі жұмыс істеуде: Қарағандыда (8-7212) 51-72-23 (ТЖД), (8-7212) 49-72-70 ("АрселорМиттал Теміртау") және Астанада – (8-7172) 70-41-08.