Костенко шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізілуде
Костенко шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Тау-кен құтқару бөлімшелері барлық қажетті іс-шараларды ауысыммен жасап жатыр. Жұмыстар тәулік бойы екі өндіру учаскесінде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тау-кен құтқарушыларының күштері кеншілерді іздеуге шоғырландырылған. Іздеу жұмыстары электр энергиясының жетіспеушілігінен, тау-кен жұмыстарының көптігінен, жеке су басқан қазбаларға қол жетімділіктің болмауынан, көптеген бұзылған механизмдер мен құрылыстардың болуынан қиындық туғызуда. Сондай-ақ, қаза тапқандардың денелерін жер бетіне шығару жұмыстары жүргізілуде. Авария орнында ашық жану ошақтары жоқ», - деп хабарлады ТЖМ.
Жедел желі телефондары үздіксіз жұмыс істеуде, барлығы 400-ге жуық қоңырау келіп түсті. 20 психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетуде.