ДДСҰ басшысы қазақстандықтарға көңіл айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Ол бұл жайында твиттер желісінде жазды

Фото: afp.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус Қарағандыдағы шахта жарылысынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Ол бұл жайында твиттер желісінде жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Барша қазақстандық үшін бүгін өте ауыр күн. Ет жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтамын», - деп жазды ол.

Айта кетейік, Қарағанды облысындағы шахтада болған апат салдарынан 36 кенші қаза тапты. Қайғылы оқиғаға байланысты 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.