Министр қазіргі уақытта бұл мәмілені заңды түрде ресімдеу жұмысы жүргізіліп жатқанын айтты
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны Қазақстан меншігіне беру нақты қашанға жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрдің айтуынша, акционерлік қоғамның құқық меншігі қазан айының соңында Қазақстанға беріледі.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «АрселорМиттал Теміртаудың» қазіргі акционерлерінің АҚ құрамынан шығуы бойынша келіссөздер жүргізілді, соның нәтижесі бойынша қазан айының соңында осы кәсіпорынға меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру шарттары туралы келісімдерге қол жеткізілмек», - деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.
Министр қазіргі уақытта бұл мәмілені заңды түрде ресімдеу жұмысы жүргізіліп жатқанын, бұл процесс жақын арада аяқталатынын айтты.