18 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда
Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында орын алған жарылыстан қаза тапқан кеншілер саны 28-ге жетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сағат 15.00 жағдай бойынша 28 адамның денесі табылды, 18 кеншіні іздеу жалғасуда. «АрселорМитталТеміртау» АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды», - делінген хабарламада.
Бұған дейін ҚР ТЖМ шахтадағы апат салдарынан 28 адамның қаза тапқанын мәлімдеген болатын.