«АрселорМиттал Теміртау» қаза тапқан кеншілердің жақындарына көңіл айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Барлық зардап шеккен қызметкерлер кешенді күтім мен оңалту көмегін алады

Фото ашық дереккөзден

«АрселорМиттал Теміртау» қаза тапқан кеншілердің жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін таңертең Костенко шахтасында болған апат туралы хабардан кейін «АрселорМиттал Теміртау» қызметкерлерінің бастан кешкен мұңы мен қайғысын сөзбен жеткізу мүмкін емес.  Бұл – әріптестердің отбасы үшін, бәріміз үшін үлкен қайғы.  Шахтада құтқару жұмыстары жалғасуда, 25 шахтер әлі табылған жоқ, 21-інің қаза тапқаны расталды.  Жақындарынан айырылғандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамыз.  Барлық зардап шеккен қызметкерлер кешенді күтім мен оңалту көмегін алады.  Біздің күш-жігеріміз дәл осыған, сондай-ақ мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастыққа бағытталған», - делінген көңіл айту хабарламасында.

Айта кетейік, Костенко шахтасындағы апаттан 21 адам қаза тапты. Әлі 25 кенші шахта астында. Оларды іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.