ДСМ шахтадағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Астанадан дәрігерлерді жібереді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта зардап шеккен 18 кенші ауруханаға жатқызылды

Фото ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге консультациялық көмек көрсету үшін құрамында токсиколог, травматолог-ортопед және нейрохирург бар жоғары дәрежелі дәрігерлер тобын Қарағандыға жібереді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зардап шеккен кеншілердің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін саланың үздік мамандарын тарта отырып, барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі.

«Қазіргі уақытта 18 адам профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға жеткізілді, оның 17-сі стационарлық емдеуге жатқызылды, 1 зардап шегуші амбулаториялық емделуде. Жеңіл және орташа ауырлықтағы улы газдармен уланудан зардап шеккен 15 адам аурухананың токсикология бөлімшесінде емделуде. Бір адам политравмамен реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде, жағдайы ауыр, тұрақты, есінде. Жағдайы орташа ауырлықтағы тағы бір зардап шегуші травматология бөлімшесінде медициналық көмек алады», - делінген хабарламада.