Ол ұлттық мүдде жайлы да айтты
«AMANAT» партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «АрселорМиттал Теміртау» инвесторларын қылмыстық жауапкершілікке тартуға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Арселор Митталмен инвестициялық келісімшартты бұзуды тапсырды! Дұрыс! Халқымыздың өмірі мен ұлттық мүдде бірінші орында. Сондай-ақ «инвесторлардың» өздерін де Қазақстан заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тарту керек!», - деді депутат.
Еске салсақ, Қарағанды облысындағы Костенко шахтасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 20-ға жетті.