Мексикада дауыл салдарынан 27 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Төрт адам із-түзсіз жоғалып кетті

Тынық мұхитында Саффир-Симпсон шкаласы бойынша бесінші санатқа дейін күшейген «Отис» дауылы салдарынан Мексикада кем дегенде 27 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы елдің Қоғамдық қауіпсіздік және азаматтарды қорғау министрі Роза Исела Родригес мәлімдеді.

«Зардап шеккен Герреро штаты үкіметінің есебінше 27 адам қайтыс болды және төрт адам із-түзсіз жоғалып кетті. Қазір жағдайды бақылауға алдық», - деді ол баспасөз мәслихатында.

«Отис» дауылы өткен түнде Акапулько қаласының маңында соққан болатын. Дауыл кезінде жел жылдамдығы 75 м/с дейін жеткені атап өтілді.