Әл-Фараби атындағы сыйлық атом-энергетика саласындағы зерттеу еңбегінің авторына берілді
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2023 жылғы мемлекеттік сыйлығының жеңімпазы белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен биылғы Мемлекеттік сыйлық «Қазақстан Республикасының атом-энергетика саласын құруға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыруға арналған әлемдік деңгейдегі зерттеулер мен әзірлемелер» жұмысы үшін Эрлан Батырбековтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының авторлар ұжымына берілді», - делінген хабарламада.
Аталған сыйлық ғылым мен техника саласындағы аса үздік жетістіктері үшін екі жылда бір рет беріледі.