Азия пара ойындары: пауэрлифтингтен қазақстандық спортшы күміс жүлдегер атанды

Автор: Azattyq Rýhy

Тұрсынай Қабыл 41 кг салмақта сайысқа түсті

Азия пара ойындарын пауэрлифтингтен бағын сынаған қазақстандық спортшы күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрсынай Қабыл пауэрлифтингтен 41 кг салмақта өнер көрсетіп, Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Бірінші орынды қытайлық спортшы иеленді. Үздік үштікті сириялық атлет түйіндеді.