Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Автор: Azattyq Rýhy

Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады

Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 19 қазан күні Қазақстан қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуалға болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, бейсенбіде Қарағанды, Жезқазған, Балқаш,Теміртау, Өскемен, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы және Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеожағдайы күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.