Түркияда тағы бір қазақстандық жол апатынан қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр

Фото: tengrinews.kz

Қазақстан  азаматшасы Түркияда жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

13 қазанда Аланья қаласында 38 жастағы қазақстандық қаза тапқан жол апаты орын алды.

Марқұмның ағасы Бағдат Құлмағамбетовтің айтуынша, жол-көлік оқиғасы осы жылдың 3 қыркүйегінде қызымен бірге журналистің өмірін қиған тас жолда болған.

«13-ші қазанда біз Әлия Құлмағамбетовадан айырылдық. Ол небәрі 38 жаста еді. Бүкіл өмірі алда еді және көптеген жоспарлары бар. Оны Аланьяда (Түркия), D 400 трассасында автокөлік қағып кетті. Полицияның айтуынша, ол жолды белгіленген жерден кесіп өткен. Сонымен қатар, жол бөлгіш тормен қоршалған. Қазір тергеу жүріп жатыр», - деді Бағдат Құлмағамбетов.

Бағдат Құлмағамбетовтің айтуынша, жол-көлік оқиғасы болған трасса «өлім трассасы» деген атқа ие болған. Өйткені мұнда адам өлімі жиі болады.

«Онда біздің жаяу жүргіншілер мәдениеті жұмыс істемейді. Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жүрсеңіз де, бұл сіздің тірі қалуыңызға кепілдік емес. Түркиядағы ЖКО-да қанша азаматымыз қаза тапқанын ескере отырып, Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратурадан біздің істі тергеуді бақылауға алуды сұраймыз», - дедіқдейді марқұмның туыстары.