Біреуі қайтыс болды, екеуі жоғалып кетті: ҚР СІМ Израильдегі қазақстандықтар туралы ақпаратқа жауап берді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұған дейін Израиль билігі қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен азаматтары туралы ақпарат таратты

Израиль Сыртқы істер министрлігі бір қазақстандық қаза тауып, екеуі хабар-ошарсыз кетті деген ақпаратты таратты. Қазақстандық СІМ бұл деректерді жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров ведомство Израильде хабар-ошарсыз кеткен және қаза тапқан екі қазақстандық туралы ақпаратты жоққа шығаратынын мәлімдеді.

Бұған дейін Израиль СІМ шет мемлекеттердің қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен азаматтары туралы ақпарат таратқан болатын. Олардың айтуынша, 218 адам қаза тауып, 78 адам хабар - ошарсыз кеткен.