Қарағанды көлік прокуратурасы ақылы жолдармен жүру шарттарының бұзылғанынын анықтады
«ҚазАвтоЖол» 70 мың көлік жүргізушісіне ақшасын қайтарып жатыр. Қарағанды көлік прокуратурасы ақылы жолдармен жүру шарттарының бұзылғанынын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Нақтырақ айтсақ, құжатта ақылы жол тұтынушылары автомобилінің мемлекеттік тіркеу номері ауысқан жағдайда, пайдаланылмаған төлемдерді қайтару туралы қаралмаған.
Жалпы өңір бойынша 69 мыңнан астам көлік иесіне 38 миллион теңге қарыз жиналып қалған. «ҚазАвтоЖол» АҚ филиал басшылары жауапкершілікке тартылды, деп жазады Qazaqstan.tv.