Ақтөбе облысында көлік қозғалысы шектелді

Автор: Azattyq Rýhy

Енді облыс аумағына арнайы рұқсат қағазымен ғана кіруге болады

Фото: tengrinews.kz

Ақтөбе облысында көлік қозғалысы шектелді. Енді облыс аумағына арнайы рұқсат қағазымен ғана кіруге мүмкіндік бар, деп хабарлайды «Хабар 24». Бекеттер тек азық-түлік пен дәрі-дәрмек тасушыларды ғана өткізеді. Сондай-ақ өнеркәсіптік, ауылшаруашылық кәсіпорындарының үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған тауарлар мен материалдарды таситын көліктердің қозғалысы тоқтатылмайды.  

«Алғашқы 12 сағат ішінде тек бір блокпосттың өзінен 50-ге жуық көлік кері қайтарылды. Ал облыс көлемінде 40, Ақтөбе қаласының айналасына 7 бекет қойылды. Сарбаздар тас жол бойынан бөлек, иен даланы да жіті бақылауға алды», - деп жазады басылым.

Айта кету керек, Ақтөбеде 3 азаматтың вирус жұқтырғаны белгілі.