Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, үсік жүреді

Автор: Azattyq Rýhy

Ел бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі

Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК синоптиктері бүгінге, 17 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанның басым бөлігі кең ауқымды антициклонның ықпалында болады. 

Сондықтан күн ашық, жауын-шашын жаумайды.

Тек елдің батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады.

Еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.