Ауғанстанға гуманитарлық жүк жөнелту жұмыстары аяқталды

Автор: Azattyq Rýhy

Гуманитарлық жүк Алматы қаласы мен Қарағанды облысынан жөнелтілді

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ауғанстанға гуманитарлық жүк жөнелту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР ТЖМ хабардаынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен 1659 тонна гуманитарлық жүк бөлінді.

Гуманитарлық көмектің бірінші партиясы, яғни 70 шатыр және «СҚ-Фармация» ЖШС дәрі-дәрмектері 11 қазанда Ауғанстанның Герат қаласына ҚР Ұлттық ұланының ұшағымен жеткізілді.

«27 теміржол вагонында тиелген гуманитарлық жүк (ұн, күріш жармасы, өсімдік майы, сүт консервілері, кереуеттер, төсек-орын жабдықтары, киім) Алматы қаласы мен Қарағанды облысынан жөнелтілді», - делінген хабарламада.

Тиеу жұмыстарын ҚР ТЖМ 28237 және 52859 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қамтамасыз етті.