Тоқаев алдағы күндері іссапармен Қытайға барады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

© Sputnik / Кирилл Каллиников

Мемлекет басшысы алдағы күндері Қытай Халық Республикасына іссапармен барады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«17-18 қазан күндері Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланып отыр.