Орташа өнімділігі 13,6 млн тонна астық бастырылды
Бүгінгі күні Қазақстанда 14,9 млн га дәнді дақылдар жиналды, бұл жоспарланған алаңның 86,2%-н құрайды. Орташа өнімділігі 9,2 ц/га болған кезде 13,6 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биылғы вегетациялық кезеңде фермерлер бірқатар қиындықтарға тап болды. Оңтүстік аймақтарда құрғақшылық болды, ал солтүстігінде қатты жаңбыр жауды, бұл егіннің жай-күйіне және жиналған дақылдың сапасына әсер етті.
Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың ауа райынан зардап шеккен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қажетті қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасы шеңберінде мынадай шараларды қабылдау ұсынылды:
Сонымен қатар шаруалар «Азық-түлік корпорациясы» астықты фермерлерден, әсіресе жемдік бидайдан тікелей сатып алуды сұрайды. Бұл астық нарығына әсер етуге және сол арқылы астық өндірушілердің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Баяндалғанды ескере отырып, 350 мың тонна көлемінде тікелей сатып алуды мынадай бағамен жүзеге асыру ұсынылды: 4 – сыныпты бидай үшін 105 мың теңге, 5 – сыныпты бидай үшін 90 мың теңге, сыныпты емес бидай үшін 70 мың теңге.
Бұл ретте, сатып алу бюджеттен тиісті қаражат бөлінгеннен кейін жүзеге асырылатын болады.