Ұшақ Алматыдан Тель-Авивке сағат 8.00-де көтерілді
Air Astana ұшағы Израильдегі қазақстандықтарды алып қайту үшін Тель-Авивке ұшып шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, ұшақ Алматыдан Тель-Авивке сағат 8.00-де көтерілген.
Әуе рейсі отандастарымыз отырған соң Алматыға жергілікті уақыт бойынша шамамен 23.45-те келеді деп жоспарланып отыр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, әуе компаниясы Ақтауда техникалық қону арқылы эвакуациялау рейсін орындайды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Израиль аумағында жүрген қазақстандық 118 азамат елге оралуға өтініш білдірген.
Израильдегі Қазақстан азаматтарына көмек көрсету үшін 8 (7172) 72-05-00 телефоны бойынша жедел сенім телефоны ашылды.