Республика бойынша жел соғып, түнде тұман түседі
Синоптиктер 9 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін еліміздің басым бөлігінде ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр, батыста түнде қатты жаңбыр, найзағай болуы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика бойынша екпінді жел соғып, солтүстік-батыста және шығыста тұман түседі.
Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Атырау облысының орталығындв, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі болады.