Азия ойындары: тағы бір қазақстандық алтын алды

Автор: Azattyq Rýhy

Қайсар Алпысбай финалда Кувейттің палуанды тізе бүктірді

Азия ойындарында каратэден ел намысын қорғаған Қайсар Алпысбай алтын медель иеленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«60 келіде ел намысын қорғаған Қайсар финалда Кувейт елінің спортшысы Абдулла Шаабахты жеңіп, ел қоржынына тоғызыншы алтын жүлдені салды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Қазақстанның қоржынында 66 медаль бар: 9 алтын, 16 күміс және 41 қола.