Креативті индустрия мәселелері бойынша заңнаманы өзгерту тәсілдері талқыланып жатыр – Балаева

Автор: Аягөз Құрмаш

Ел өңірлерінен инфрақұрылым бойынша қажетті ақпарат сұралып жатыр

Фото: ortcom.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте креативті индустрия жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазіргі уақытта сарапшылар қауымдастығымен және индустрия өкілдерімен бірлесіп креативті индустрия мәселелері жөніндегі заңнаманы өзгерту тәсілдері талқылануда. Онда авторлық құқық пен зияткерлік меншікті қорғау, креативті индустрия қайраткерлерін қолдау шаралары мен преференциялар, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қосымша құзыреттерін қосуды көздейтін бірқатар новеллалар қарастырылған», - деді мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Министрдің айтуынша, креативті хабтардың тиімді жұмысын құру үшін ел өңірлерінде креативті индустрияны қолдау жөніндегі шаралар мен қолда бар инфрақұрылым туралы қажетті ақпарат жиналуда.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әрбір облыс орталығында және ірі қалада креативті индустрия орталықтарын құру қажеттігін атап өткен болатын.