Сирияда әскери оқу орнына жасалған шабуылдан 100 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қаза тапқандар арасында әйелдер мен балалар да бар

РИА «Новости»

Сирияның Хомс қаласындағы әскери мектепке пилотсыз ұшақпен жасалған шабуыл салдарынан қаза тапқандар саны 100-ге жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Сирияның адам құқықтары жөніндегі кеңесіне сілтеме жасап Al Hadath телеарнасы хабарлады.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің көпшілігі – сириялық әскерилердің учлищеге шақырылған туыстары. Олардың арасында әйелдер мен балалар да бар.

Сондай-ақ 125-тен астам адам жарақат алды.

Курсанттардың диплом алу рәсіміне Сирия қорғаныс министрі Али Махмуд Аббас та қатысқан болатын. Салтанатты кеш 1973 жылғы араб-израиль соғысының 50 жылдығына орайластырылған.