Лудоманияны емдейтін хаттама әзірленді - Ғиният

Автор: Azattyq Rýhy

Жақын күндері оны комиссия мақұлдамақ

Фото: bsmpgrodno.by

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде лудоманияны емдеудің хаттамасы енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Лудомания психопатияның бір түрі ретінде психикалық ауытқу ретінде хаттамамен емделеді. Мамандар хаттама әзірледі, оны біздің медициналық ұйымдар сынап көрді және жақын күндері біріккен сапа комиссиясы оны мақұлдайды. Жеке орталықтар тек лицензия бойынша емдеуі керек. Егер лицензия болса, онда мамандар, жабдықтар, тиісті бөлме болуы керек, демек олар ДСМ-нің барлық актілерін, бұйрықтарын басшылыққа алуға міндетті», - деді Ажар Ғиният.