Аманжол Әлтай Діни басқарма нақты ұстанымын анық айтып отыруы керек екенін айтады
«AMANAT» фракциясының мүшесі, депутат Аманжол Әлтай Мәжіліс отырысының кулуарында Діни басқарманың ұстанымын сынады, деп хабарлады Azattyq Ruhy тлшісі.
«Біздің діни басқармада тайсақтық көп. Көп мәселе туралы «Діни басқарма не дейді» деген кезде мүфтиден бастап, имамдарымыз нақты өзінің айқын ойын айтудан тайсақтайтын тұстары бар. Сол кезде қоғам дүдәмал сұрақтарға тап болады. Сондықтан осындай мәселелерге келгенде Діни басқармамыз белсенді рөл атқаруы тиіс. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі исламның құндылықтарын, жат ағымдарға бой бермейтіндей мәдениеттің негізінде дін қызметкерлері дұрыс жұмыс істеуі керек. Мешіттердегі уағыздарынан бастап, күнделікті қоғамда имамдар белсенді болуы керек деп ойлаймын», - деді Әлтай.
Тақырыпқа орай: Ән әлемінде, айтыста, спортта тайраңдап жүрген жат ағым өкілдері өз «салтын» кіргізіп жатыр – депутат
Ол өзінің депутаттық сауалында жат ағымдарға қатысты заңды қатайту керек екенін айтқан болатын.