Ақтөбеде салық органының өкілдері кәсіпкерлердің шотын заңсыз бұғаттап тастаған

Автор: Azattyq Rýhy

Тиісті органның шешімдері жойылды

Фото ашық дереккөзден

Ақтөбе облысының прокуратурасы 20 кәсіпкерлік субъектісінің шоты заңсыз бұғатталғанын анықтады, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Талдау нәтижеcі бойынша облыстық мемлекеттік кірістер органдарының заңсыз әрекеті кәсіпкерлердің қызметіне кері әсер еткені белгілі болды.

«Кәсіпкерлерге жіберілге хабарламалардың заңдылығын зерделеген прокуратура оларды негізсіз деп танып, қадағалау актісін енгізді. Нәтижесінде салық органының шешімдері жойылып, кінәлі тұлғалар жауаптылыққа тартылды, ал кәсіпкерлер өз қызметіне қайта кірісті», - делінген ведомство хабарламасында.

Осылайша, прокуратура кәсіпкерлер алдындағы кедергілерді жойды.

Салық органының басқа да актілерінің заңдылығын тексеру жалғасып жатыр.