Оларға мемлекеттік наградалар табысталды
Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның бірқатар қызметкерін Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға сіңірген ерекше еңбегі үшін мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Қазақстандағы «Шелл» концерні төрағасының орынбасары Құралбек Келжанов III дәрежелі «Барыс» орденімен, мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі менеджер Дияс Жұбандықов «Құрмет» орденімен, еңбек ресурстары және сервистік қамтамасыз ету жөніндегі директор Сұлушаш Ізбасарова және кен орындарын игеру жөніндегі менеджер Ғаділбек Өксікбаев «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды.