Әскерилерге жарылғыш зат толтырылған көліктермен шабуыл жасалған
Нигердің батысында діни радикалдар жасаған шабуылдан 29 сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Agence France-Presse агенттігі елдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Агенттіктің атап өтуінше, бұл –билікті әскерилер басып алғалы бергі елдегі ең ірі қайғылы оқиға болып отыр.
Al Arabiya телеарнасының хабарлауынша, әскерилерге жарылғыш зат толтырылған көліктер арқылы шабуыл жасалған. Шабуылға жүзден астам содырдың қатысқаны баса айтылады.