Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Автор: Azattyq Rýhy

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады

Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Президент «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына да қол қойды.