Ол енді СҚО-ны басқарады
Сенаттың жалпы отырысында басқа қызметке тағайындалуына байланысты Ғауез Нұрмұхамбетов депутаттық өкілеттігін тоқтатты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Сенат депутаты Ғауез Нұрмұхамбетов Мемлекет басшысының жарлығымен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов ОСК ұсынымын оқып берді.
«Президенттің 2023 жылғы 23 қыркүйектегі 358-ші жарлығымен Ғауез Нұрмұхамбетов СҚО әкімі болып тағайындалды. Конституцияның 52 бабы мен Парламент және оның депутаттары жайлы конституциялық баптың 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Парламент Сенатының депутаты Ғауез Нұрмұхамбетовтың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрпын тоқтату үшін ұсыным енгізіп отырмын», - деді Смағұлов.
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Ғауез Нұрмұхамбетов қаңтарда сенатор болып сайланғанын айтты.
«Осы аралықта палатаның заң шығару қызметі мен жоспарлы іс-шараларына белсенді атсалысты. Маңызды заң жобаларына бастамашы болды. Сенат қабырғасында маңызды мәселелердің шешілуіне оң үлесін қосты. Сол үшін әріптесімізге алғыс айтамыз», - деді Әшімбаев.
Мәулен Әшімбаев Ғауез Нұрмұхамбетовты Сенаттың құрмет грамотасымен марапаттады.
Өз кезегінде Ғауез Нұрмұхамбетов ең алдымен Мемлекет басшысына облыс әкімі етіп тағайындап, сенім артқаны үшін алғыс айтты.
«Сенатта 1 жылға жуық депутат ретінде қызмет атқардық. Бұл мен үшін үлкен сенім, қызық та жылы маңызды кезең болды. Қаңтарда келгенде үлкен ризашылықпен комитетте қарсы алды. Осы қысқа уақыт ішінде 67 заңды әзірледік. Бұл қызмет үшін өте қуаныштымын. Мен үшін үлкен тәжірибе болды», - деп ол әріптестерінее алғыс айтты.