Атырауда алаяқтық жасаған экс-шенеуніктер қамауға алынды
Облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр

Атырауда жер қатынастары, сәулет және Атырау қаласы әкімі аппаратының бөлімдерінің бұрынғы басшылары қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық прокуратура хабарлауынша, лауазымды тұлғалар алаяқтық және өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен қамауға алынды.
«Лауазымды тұлғалар жер учаскелерін бөлу және олардың нысаналы мақсатын анықтау кезіндегі алаяқтық әрекеттері үшін күдікке ілінді», - делінген ведомство хабарламасында.
Прокуратура бұл фактіні ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) және ҚК 361-бабы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша тіркеді.
Облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.