Қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы жақсы
Түркістан облысында 20 қыркүйекте №1 облыстық перинаталдық орталықта 40 жастағы «Батыр ана» 11-ші баласын өмірге әкелді. Орталықтағы дәрігерлер, ана мен баланың жағдайы жақсы екенін айтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Отырарға сілтеме жасап.
Медицина мамандарының мәлімдеуінше, сарыағаштық Айнагүл 11-перзентін де отасыз өзі босанған. 40 жастағы әйелдер арасында мұндай жағдай сирек кездеседі, дейді дәрігерлер.
Айнагүлдің отбасында 5 ұлы мен 5 қызы күтіп отыр. Үлкені – 21жаста. 11-ші перзентін келіншек Мұстафа деп атапты.
Айнагүлдің жолдасы – Сарыағаш ауданына қарасты Нұрлы жол ауылында бас имам. Келіншектің өзі бала күтіміне байланыста үйде.