Қытайда шахтадан өрт шығып, 16 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Олар сыртқа шығып үлгермей қалған

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында шахтада өрт шығып, 16 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Қытайдың орталық телеарнасы хабарлады.

Оқиға Панчжоу қаласының іргесіндегі Шаньцяошу көмір кенішінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт конвейер лентасынан шыққан.

«16 жұмысшы сыртқа шыға алмай, оқиға орнында қаза тапты», - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп үлгерді.