Аталған факті бойынша тергеу шаралары жалғасып жатыр
Ақмола облысында құрамында алтыны бар материалды қайта өңдеуге арналған шағын цех жойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
50 жастағы ауыл тұрғыны заңсыз өндіріс жүргізген. Полиция қызметкерлері үгіту аппараты мен басқа да жабдықтарды күдіктінің тұрғылықты жерінен тапты.
Бұл фактіні құқық қорғау органдары ҚР ҚК 295-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді.
Тергеу шаралары жалғасып жатыр.