Өзбекстанда іздеуде жүрген ер адам Талдықорғанда ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір ол қамауда отыр

Фото ашық дереккөзден

Өзбекстанда іздеуде жүрген ер адам Талдықорғанда ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Талдықорған қаласында облыстық полицияның жедел уәкілдері мемлекетаралық іздеуде жүрген 31 жастағы шетелдік азаматтың орналасқан жерін анықтады. Ақпаратқа сәйкес, Өзбекстанның тәртіп сақшылары бұл адамды ірі алаяқтық жасады деген күдікпен бір жылдан астам уақыт іздеген.

«Іздеуде жүрген адам «Іздестіру» жедел профилактикалық іс-шарасының аясында анықталып, облыс орталығындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде ұсталды. Қазір ол қамауда отыр. Оның ұсталғаны туралы ақпарат ҚР ішкі істер министрлігіне жолданды», – дейді Жетісу облысы ПД криминалдық полиция басқармасының іздеу бөлімі.

«Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы 20-21 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Алғашқы тәулікте тәртіп сақшылары іздеуде жүрген 5 қылмыскерді ұстады. Оның ішінде көрші мемлекеттердің құқық қорғау органдары іздеп жүрген 2 шетелдік азамат бар. Сонымен қатар, облыстың полицейлері хабар-ошарсыз кеткен 4 адамның орналасқан жерін анықтай алды.