Маңғыстау облысында борышкерлерден 40 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді

Автор: Azattyq Rýhy

 921 әкімшілік іс мәжбүрлі түрде өндіру мақсатында жеке сот орындаушыларына жолданды

Фото ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында борышкерлерден 40 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

12-19 қыркүйек аралығында Маңғыстау облысында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталмыш шараға 300-ге жуық мүдделі қызметкер жұмылдырылды.

«Жеті күнге созылған іс-шара аясында 921 әкімшілік іс мәжбүрлі түрде өндіру мақсатында жеке сот орындаушыларына жолданып, 5139 борышкердің тұрғылықты мекенжайларына ескерту хаттар жіберілді. Сонымен қатар 62 мыңнан астам хабарлама таратылды. Айыппұл төлеуден жалтарып жүрген азаматтардан 40 млн 926 мың теңге өндірілді», - делінген хабарламада.