Карантин 30 наурыздан басталады
Атырау қаласы 30 наурыздан бастап карантинге жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылдың 29 наурыздағы №8 Қаулысына сәйкес 2020 жылдың 30 наурызы сағат 00.00-ден бастап Атырау қаласы аумағына карантин жарияланады», - делінген Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысының бірнеше қаласы карантинге жабылатынын хабарлаған едік.