Түркияда 200-ге жуық адам қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар әлеуметтік желіде Сириядағы операциялар туралы сын айтқаны үшін қамалған

dw.com

Түркияда Анкараның әрекеттерін қолдамаған 186 адам «әлеуметтік желілерде террористік әрекеттерді насихаттағаны үшін»  қамауға алынды, деп жазады «Анадолы» агенттігі.

Басылымның хабарлауынша, соңғы аптада «әлеуметтік желіде заңсыз контент таратқан» 839 адам анықталған.

2019 жылдың 14 қазанында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның Сириядағы операциялардан бас тартпайтынын айтып, терроризммен күрестегі екі стандарт саясатынан бас тартуға шақырған еді.