Ғалымдар жасаған рейтингке 44 мемлекет кірген
Зерттеушілер бірнеше критерий бойынша 44 мемлекеттің қайсысында зейнет жасына жеткен азаматтардың жақсы өмір сүретінін анықтады, деп жазады Business Insider.
«Жаһандық зейнеткерлік индексі» баяндамасында рейтинг жасау үшін зейнеткерлердің материалдық жағдайы, денсаулығы, өмір сапасы мен зейнетке шыққандағы қаржыландыру секілді критерийлер ескерілгені айтылған.
«Ғалымдар анықтағандай, әлем бойынша төрт критерий бойынша ең жақсы өмір сүретін зейнеткерлер Исландияда тұрады. Екінші орында Швейцария, одан кейін Норвегия, Ирландия, Жаңа Зеландия, Швеция, Дания, Канада, Австралия, Люксембург тұр», деп жазылған баяндамада.